«Ресейдің Еуропалық аумағында қатты жаңбырларға себепші болған циклон Қазақстанның батыс облыстарына ауысып жатыр. Алдағы үш тәулікте бұл циклонның әсерімен ауа райының күрделі жағдайы: сулы қар, көктайғақ, одан кейін қар жауып, бұрқасын болуы, желдің 15-20 м/сек жылдамдықпен соғуы, жел екпінінің 25-28 м/сек дейін жетуі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Республиканың қалған аумағында батыс циклонын шығысқа өткізбейтін Сібір антициклонының әсері сақталады. Сондықтан облыстардың көбінде жауын-шашынсыз күн райы мен аяз сақталады, ауа температурасы орташа көпжылдық мөлшеріне жақын болады, оңтүстік пен орталықта нормадан 3-5 градус асады», - делінген хабарламада.