Биылғы жылы «АЕS Өскемен ЖЭС» АҚ күрделі жөндеу жұмыстары мен жай жөндеу жұмыстары үшін 925 млн. теңге қаражат бөлген, деп нақтылады компанияның баспасөз қызметі. Алты қазан агрегаты мен үш құбыр агрегат стансысында жөндеу жұмыстары толығымен атқарылды. Сонымен қатар генераторларға да күрделі жөндеу жүргізілген.
Отын жеткізу кесте бойынша жүзеге асырылып келеді, оның екі айға жететін қоры дайын тұр.