;АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінгі талқылау барысында кеңес мүшелерін Қазақстанда ашылып отырған жаңа мүмкіндіктерді бағалауға шақырамын. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысының ашылуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіздерде бірегей басымдық бар. Сіздер біздерде бұрыннан жұмыс істеп жатырсыздар. Осы орайда өзара сенімге негізделген әріптестік қарым-қатынас қалыптасты және біз болашақта бұдан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз», деді Елбасы. Бұл мәселелер бизнесті сәтті жүргізудің ең басты факторлары екенін айтып өткен Мемлекет басшысы: «Алдымызда бірлескен табысты көптеген жобаларды жүзеге асыру күтіп тұрғанына сенімдімін», деді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.