Сондықтан да бұл індеттің таралуына алаңдаушылық танытқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау осы айдың 8 тамыз күні Батыс Африкада Эола безгегінің белең алуын төтенше жағдай деп жариялаған еді. Өйткені, бүгінгі таңда жершарының 1800-ден астам дәл осы індетті жұқтырып отыр. Жұқтыру фактілері Африканың батыс бөлігінде, әсіресе, Либерия, Нигерия, Съера-Леон мен Гвинеяда айрықша белең алуда. Бұған қоса, Солтүстік Африканың, Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдері азаматтарының безгек жұтырғандығы белгі.
Таяуда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегінің таралуы халықаралық деңгейдегі індет екенін мойындады. Ұйым мәліметтеріне қарағанда, Батыс Африка елдерінде Эбола безгегінен құрбан болғандар саны 1013 адамға жетіп отыр. Сондықтан да бұл ұйым адамның бұл індетке шалдығу белгісі байқалатын болса, онда төтенше жағдай жариялауға кеңес беруде. Толықтай алғанда, сарапшылар бұл індетті соңғы 40 жыл ішіндегі адамзат баласының басына төнген алапат нәубет ретінде бағалауда.
Эбола геморрагиялық безгегі - адам өміріне қауіп төндіретін ауру. Ол текелей қан арқылы немесе инфекцияны жұқтырған адамнан бөлінген заттар, сонымен бірге, оны жұқтырған адамның заттарын ұстағаннан таралуы мүмкін. Эбола вирусы көбіне ауру адамдарды қарау кезінде тығыз байланыста болатын туған-туыстары мен балалары арқылы жұғуы да ықтимал. Ауру ағзаға вирус түскеннен кейін кез келген күні қозуы мүмкін. Көбіне оның белгілері 8-10 күн өткесін білінеді. Аурудың бастапқы кезінде бас ауырып, қан құсады. Бұлшықеттер қатты ауырып, көзден, мұрын, қызыл иек пен құлақтан қан кетеді. Дененің температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Ал соңғы белгілері құрғақ жөтел мен кеуде тұсы батып ауырады.
Міне, осындай белгілері бар қауіпті індетке қарсы қолданар әзірше дәрмен жоқ. Дегенмен, әлемдегі ірі дәрі дәрмек өндіретін компаниялар бұл безгектен құлан-таза айықтыратын дәрі ойлап табу үшін мол қаржы жұмсауда. Бүгінгі таңда дәрігерлердің қолында жалғыз үміт бар, оның өзі де әлі де болса толығымен мойындалмаған, яғни, тәжірибелік вакцина ғана. Айтпақшы, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты мен Қорғаныс министрлігі биологиялық қарудан қорғаныс құру аясында жаңа вакцина шығарған болатын. Ол жануарлардан сынақтан өткізіліп, өз тиімділігін ділелдеген еді. Осы вакцинаның бір партиясы Либерияда Эбола вирусын жұқтырғандарды емдеуге жіберілген еді. Канада билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Эбола безгегіне қарсы тәжірибелі сарысуын беруге дайын екендігін мәлімдеп отыр.
Бұл аурудан барша әлем елдері қорғанудың сақтық шараларын жүргізуде мәселен, Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесіне мүше алты ел, атап айтқанда БАӘ, Катар, Оман, Кувейт, Бахрейн және Сауд Арабиясы аймаққа қауіпті Эбола вирусының таралмауы үшін бірігіп қарсы тұру бойынша келісімге келді. Қазақстан да сақтық шараларын қолға алуда. Денсаулық сақтау министрлігінің басты штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерованың айтуынша, қазақстандық дәрігерлер Эбола вирусымен күресуге дайын. «Отандық дәрігерлер әрқашан дайын. Ай сайын, әсіресе соңғы оқиғалардан кейін ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу және қарсы әрекет ету бойынша үнему оқыту жұмыстары жүргізіледі. Ол осыған дейін жүргізілген және алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда ерекше қауіпті инфекцияларды жұқтырған науқастарды емдеу әдісі бар. Эбола безгегі осы санатқа жатады. «Егер Қазақстанда осындай жағдайлар болса, бізде міндетті түрде жеке кіріп-шығатын орны бар госпиталь жайылады. Барлық инфекциялық стационарларда бізде обаға қарсы киімдер бар, дәрігерлердің бәрі ерекше қауіпті инфекциялы науқаспен қалай жұмыс істеу керектігін біледі», - деді Б.Көшерова.
Қалай десек те, қауіптің бар екендігі анық. Өйткені, бірқатар халықаралық байқаушылар Эбола безгегі бүкіл әлемге айтарлықтай қауіп төндіріп отыр деген ойда. Себебі, бұл індетке қарсы тұрарлық вакцина әлі күнге дейін жоқ екендігі шындық жайт.