11 ақпан күні Қазақстанда жүргізілген теңге бағамының өзеруі көрші елдерде ынталандыру шараларының күтілуіне түрткі болды. Бұл жайт, әсіресе, әлемдік экономикадағы барлық өзгерістерге байланысты әрекет жасайтын, экономикасы Қазақстан экономикасымен ұқсас Ресейге қатысты болып отыр.
Дегенмен, осы аптада Ресейдің Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев қаңтар айында әрі ақпанның басында қатты құлдыраған рубль бағасының күрт өзгеруі күтілмейтіндігін мәлім етті. Дамушы нарықтардың ықпалына ерген рубль жыл басынан бері долларға қатысы 7-8 пайызға әлсіреген.
Сондай-ақ осы аптада РФ Ұлттық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина да посткеңестік кеңістікте бәсекелестікті девальвация тәуелкелдері байқалып отырмағанын айтып қалды. Бірақ, сарапшылар Ресейдің Кеден одағы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігіндегі өз мүддесін қорғау үшін ұлттық валюта бағамына түзету өнгізудегі қазақстандық тәжірибені пайдалануы мүмкін екендігін болжауда. Алайда, РФ Орталық банкі мұндай қадамға баруға әзірше дайын емес.
РФ Орталық банкі басшысының айтуынша, сауда-саттықтық дамуына валюта бағамының деңгейінен бөлек көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан Орталық банк еркін бағам қалыптастыру бөлігі бойынша қазіргі шараларды жалғастырып, экономиканы ынталандыру шараларының қазіргі деңгейін сақтайтын болады.
Алайда, рубль бағамы төмендеуінің одан әрі жалғаса беруіне байланысты ресейліктер шетелдік валютаны белсенді сатып алу үстінде. Ал бұл жайттың салдарынан кейбір қалалардағы айырбастау пункттерінде валюта тапшылығы анық байқалып отыр. 2013 жылдың желтоқсанында валютаға сұраныс артып, ресейліктер 4,3 млрд. доллар сатып алды. Бұл ретте айта кетерлігі, 2014 жылдың қаңтарының өзінде долларға сұраныс 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 есе, ал еуроға 2 есеге артып кетті.
РФ бірінші вице-премьері Игорь Шуваловтың мәлім етуінше, ресейліктер рубль бағамының өзгермелігіне ендігі уақытта бой үйретуі қажет. Әлемдік экономикалық үдерістердің аясында туындап отырған мұндай жағдайда рубль бағамының жоғары өрлеуі де, төмен құлдилауы да мүмкін. Сондықтан да ол халықты өз жинақтарымен валюта нарығында ойланбастан қадамдарға барып, тәуекелге бел бумауға шақыруда.
2014 жылдағы Ресей Үкіметінің негізгі міндеті Жалпы ішкі өнім өсімін кемінде 1,5-1,8 пайыздық деңгейде, ал инфляцияны 5 пайыздық шекте қамтамасыз ету болып отыр. Ал бұл жоспарларға 2013 жылдың соңындағы баға өсімі қарқының артуы және осы жыл ішінде байқалып отырған рубльдің әлсіреуі теріс ықпал етуі мүмкін екендігі де жоққа шығарылмайды.
Осындай жайттардың аясында РФ Орталық банкі егер инфляция өсімі ықтималдығы артатын болса, ақша-несие саясатын қатаңдатуға дайын екендігін мәлімдеді. Жекелеген сарапшылардың пайымынша, қазірдің өзінде бұл үдеріс валюта нарығында ауқымды басқыншылық түрінде жүргізілуде. Ресейлік сарапшылардың атап өтуінше, жыл соңына дейін рубль 20 пайызға құнсыздануы мүмкін. Ағымдағы бағам динамикасы мен капиталдық сыртқы ағылуының жалғасуы мұндай келешектің мүмкін екендігін айқындай түседі.
Толықтай алғанда ресейлік байқаушылар құнсызданудың тиімді инструмент екендігін әрі ұлттық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдайтындығын қуаттауда. Экономика қосымша табыс алып, бұл толықтай алғанда оның одан ары өсім көрсететіне оң ықпал ететін болады.
Дегенмен, сарапшылар Қазақстан Көшбасшысының макроэкономикалық сипаттағы шаралармен ғана шектелмей, «қаржы жүйесін сауықтыруды өз мойнына алатындығын» жария ете отырып, жаңа ахуалда халық пен бизнесті тікелей қолдауға бағытталған мығым қадамға баруын баса атап өтуде.
Яғни, Қазақстан Президентінің сәуірден бастап жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы және зейнетақы көлемін арттыруды жүктеуі. Атап айтқанда, Н. Назарбаев Үкіметке биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырды. Бұған қоса, жыл басынан бері ұлғайғанын ескеріп, биылғы 1 сәуірден бастап, зейнетақы төлемдерінің өсім көлемін 14 пайызға дейін жеткізу, ал мемлекеттік жәрдемақы төлемдері 12 пайызға жеткізу жүктелді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек көлемін 12 пайызға және студенттердің стипендиясын 10 пайызға көтеру керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар экономиканы ұзақ ресурстармен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 2014 және 2015 жылдарға 1 трлн. теңге көлемінде несие бөлінетіндігі де белгілі.
Байқаушылардың бағалауларына қарағанда, қазіргі таңда Ресей отандық кәсіпорындарын біршама нығайтуға мүмкіндік беріп, халыққа нақты көмек бола алатын дәл осындай шараларды қабылдауға дайын емес. Өткен жыл бойы Ресейдің Министрлер кабинеті ЖІӨ-нің нөлдік өсімін қамтамасыз ету үшін барын салды. Сондықтан да РФ Президенті В.Путиннің 2012 жылғы мамырдағы Жарлығымен айқындалған әлеуметтік бағыттардағы мақсатты көрсеткіштерге әлі күнге дейін қол жеткізілмей келеді.
Осыған орай қазақстандық биліктің макроэкономикалық саясатын түзете отырып, қабылданған әлеуметтік міндеттелмелерін толық көлемде орындауға дайын екендігін қуаттайтындығын айрықша атап өтуге болады.