Дегенмен, барлық жерде де, Ресейдің түпкірінен сонау қияндағы Вашингтонға дейінгі аралықта да оның нәтижесі белгілі болғанымен Ресейдің келешектегі ішкі саяси жағдайы зор қызығушылық тудырды.
Мәлім болғандай, РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин басқа 4 кандидатты басымдықпен шаң қаптырып кеткен болатын. Сәрсенбі, 7 наурыз күні президенттік сайлаудың соңғы нәтижелерін шығарған РФ Орталық сайлау комиссиясы 63,3 пайыз дауыс жинаған В.Путинді мемлекет басшысы таныды. Оған 45 милион 602 мың 75 сайлаушы өз дауысын берген. Сайланған Президенттің ұлықтау рәсімі мамырдың 7-сіне белгіленген.
Жеңімпазды алғашқылардың бірі болып ТМД елдерінің басшылары құттықтады. Еуропалық бірқатар мемлекеттердің де басшылары да бұл құттықтауға қосылды. Тек АҚШ Президенті ғана В.Путинге қоңырау шалуға асыға қойған жоқ. Барак Обама өзінің болашақ әріптесінің телефон нөмірін жұма, 8 наурыз күні ғана терді. Ақ үй тарапы бұл жайтқа ерекше мән бермеуге шақырғанымен көпшілік оны әлемдік демократия құндылықтарын сақтаушыларға өзіндік белгі ретінде бағалауда.
Еуропа кеңес Парламенттік Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның өкілдері жүрістерінен жаңылмай дауыс беру қорытындысына орай сыни ескертпелер жасады. ЕҚЫҰ толықтай алғанда нәтиже күдік тудырмайтынын атап өтіп, дегенмен дауыс беру және нәтижелерді санау барысындағы заң бұзушылықтар туралы өтініштерді тыңғылықты тексеруге шақырды. Ресейде өткен сайлауда барлық кандидаттарға бірдей жағдай жасалмағандығы баса айтылды. Ал Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясы В.Путин БАҚ-та өз қызметін көрсетуде зор басымдыққа ие болды деп санайтындығын мәлім етті. Сонымен қатар сайлаушылардың таңдау жасауына шектеу болды, ал сайлауалды науқан барысында әділдік жетіспеді деп санайтындықтарын жариялады.
Дүйсенбі, 5 наурызда Ресейдің ірі қалалары Мәскеу мен Санкт-Петерборда, сондай-ақ елдің өңірлерінде билікті қолдауға арналған шерулер өтті. Сонымен бір мезетте оппозициялық қоғамдық акциялар да ұйымдастырылды.
Аптаның алғашқы күндерінде-ақ Мәскеуде шамамен 16 шеру жоспарланса, оның басым бөлігі кремльдік саясатты қолдау бағытында болды. Бұндай ірі шерулердің екіншісіне (біріншісі сайлау күні өткен болатын) Манеж алаңында өткен акцияға РФ Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша 15 мың адам қатысқан. Шеруге РФ Мемлекеттік думасындағы «Единая Россия» фракциясының депутаттары да қатысты. Мінберден В.Путинді қолдау бағытындағы ұрандар айтылып, сөз сөйлеушілер президенттік сайлаудың әділ әрі ашық өткендігін мәлімдеді.
Оппозицияның қарымта ірі шеруі Мәскеудің Пушкин алаңында өткен «Әділ сайлау үшін» атты кезекті акция болды. Ресми деректерге сәйкес, шеруге шамамен 14 мыңға жуық адам жиналған. Сөз сөйлегендер қатарында жүйеден тыс оппозицияның ірі өкілдері, белсенді азаматтар және мәдениет қайраткерлері болды. Шеруге РФ президенттік сайлауында кандидат болған Михаил Прохоров та қатысты. Ол сол жерде өзінің партиясын құруға дайын екендігін мәлімдеді. Мәскеуде өткен бұның алдындағы жаппай акцияларға қарағанда бұл шеруде үздіксіз қарсылық акциясы мен шеру ресми аяқталғаннан кейін де алаңнан кетуге қарсылық танытқан шамамен 250 белсендінің тұтқындалуымен аяқталды.
Ресейде оппозициялық күштердің Жаңа Арбатта 10 наурыз күні өтеді деп белгіленген екінші акциясына, «Әділ сайлау үшін» митингісіне айтарлықтай зор назар аударылды. Ұйымдастырушылар акцияға 50 мың адам өзінің қатысатындығын қуаттады деп жариялады. Дегенмен іс жүзінде шеруге шамамен 15 мың адам қатысты. Күтілгендей-ақ, оппозия қатарындағы сол баяғы тұлғалар сөз сөйледі. Бірақ та өткен сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде тікелей қатысқандар да мінберге көтеріліп, өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Толықтай алғанда шеру барысында мінберге көтеріліп сөз сөйлегендер шартты түрде тақырыптық блоктарға бөлінді. Атап айтқанда, президенттік сайлаудағы заң бұзушылықтар, сондай-ақ жекелеген тұтқындалғандар мен сотталғандарға қатысты қолдау білдірілді. Мінберден сөз сөйлегендерді жиналғандар «Ресей азат болады», «Ресей Путинсіз», «Бұл жерді кім билік - бұл жерде біз билікпіз», «Жаңа сайлау - жаңа билік» деп ұрандата қостап отырды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған шеру айтарлықтай қатерлі қақтығыссыз аяқталып, шеруден кейін де іс-әрекеттерін одан әрі жалғастырмақ болған шамамен 25 адам ұсталды.
Әзірше ұйымдастыру комитеті «Әділ сайлау үшін» ұранымен жоспарланған жаңа акция турасында ешқандай мәлімдеме жасап отырған жоқ. Тек оппозиционер Сергей Удальцов қана өзінің сөйлеген сөзінде Ресейдегі парламенттік және президенттік сайлау нәтижелерімен келіспейтіндерді 1 мамырда Мәскеуде ауқымды шеру ұйымдастыруға шақырды және ол аталған шараға 1 миллион адам жинауға ниеттеніп отыр.
Бұған қоса, тәуелсіз сарапшылардың және оппозицияның бірқатар өкілдерінің мойындауынша, Ресейде қарсылық шерулерінің белсенділігі айтарлықтай төмендеп бара жатқандығы байқалады. Бұндай теория дүйсенбі күнінің өзінде, Пушкин алаңындағы шеру аяқталғанда да туындаған болатын. Шара шеруге қатысуға келгендердің арасындағы мүдденің бір-бірімен сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Біреулері (олардың арасында солшылдар, ультраоңшылдар, ұлтшылдар және ОМОН-ның қатысуымен өтетін тұрақты акцияларда әбден шыныққандар бар) соңына дейін күресуге дайын және құқық қорғаушылармен кикілжіңге еш саспастан-ақ барады. Басқалары, яғни басым бөлігі (негізінен орта санаттан шыққан қарапайым жергілікті адамдар) тек тыңдарман болуға ниет танытқанымен, ұсталуға әрі тұтқындалуға бой алдырмайды.
Айтпақшы, бұдан біраз бұрын көптеген саясаттанушылар «Әділ сайлау үшін» қозғалысының «Біз - қарсымыз» тезисі аясында ғана адамдарды біріктіретін өзінің мазмұндық шегі бар екендігін көрсеткен болатын. Дегенмен қазіргі таңда ол өзін іс жүзінде түгесті. Біріншіден, билік олардың дауысын естіді, түзету енгізді және мемлекеттік істерге азаматтық қоғамның қатысуын дамытуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Екіншіден, оппозициялық күштер және олардың соңына ергендер бұрмалаушылыққа қарсы алғаш шеру ұйымдастырған 3 айдан бергі уақытта нақты проблемаларды шешуге бағытталған қандайда бір жасампаз идеяны әзірлей алған жоқ. Үшіншіден, бұл қозғалыстың нақты бір ғана көшбасшысы жоқ және де ондай рөлге қандай да біреулердің ұсынылуын наразылық танытушы бұқара қолдай қоюы екіталай.
Кешегі шеру бұрмалаушылыққа қарсы бас көтерулерді ұйымдастырған күштердің төңкерісті қаламайтындығын тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Жиналған 15 мың адамның тек үш жүзі ғана билікке бағынбауға шақырған ұрандарға ілесіп, Пушкин алаңындағы санкцияланбаған шеруге барды. Саяси белсенділік барынша көрініс тапқан қысқы маусым аяқталды, ал оппозицияны шынайы біріктіре алатын идея туындаған жоқ. бұдан әрі не болатынын уақыт көрсетеді. Дегенмен, миллион тіпті 20 мың адам жинау идеясы қазірдің өзінде сағымдай бұлдырайды.