Айбекке қарсы күрескен камерундық Дидон Долассем өзінің оңайлықпен жеңілуге келмегенін алғашқы секундтарда-ақ байқатты. Бір-екі мәрте жамбас әдіске салып көргенімен, алып денелі Айбек алдырған жоқ. Денесі камерундықтан қарағанда ірірек, әдіске мығым Айбек ақыры 3 минутқа жеткізбей, қарсыласын жамбасқа алып ұрып, таза жеңді. Осылайша, отандасымыз келесі кезеңге шықты.
Айта кетерлігі, Қазақстан намысын қорғап жатқан бес балуанның екеуі - Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов жарыс жолынан шығып қалды.
Еске сала кетейік, осы уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Фото: vk.com/kazakhstanbarysykz