Осыдан 65 жыл бұрын Қызыл армия әскерлері нацистердің миллиондаған адамды өлтірген және азаптаған Освенцим ажал лагерін азат еткен болатын.
Польша аумағында орналасқан Освенцимде бүгін өтетін еске алу шарасына Израиль премьері Биньямин Нетаньяху қатысады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврей общиналарында Холокост құрбандарын еске алу рәсімі өтіп, балауыз шамдар жағылады.