АСТАНА. ҚазАқпарат - AF66 рейсі бойынша Парижден Лос-Анджелеске қарай ұшып бара жатқан Air France әуе компаниясының ұшағы Канаданың Гус-Бей қаласында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Би-би-си.
Әлемдегі ең үлкен ұшақ аталтын A380 аэробусының бортында 496 жолаушы мен 24 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Гренландияның үстінен өтіп бара жатқан сәтте 4 қозғалтқышының бірі істен шыққан және оның бір бөлігі жұлынып түскен.
Болған жайға қарамастан, лайнер Канада жеріне сәтті қонды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Алайда жолаушылар ұшақ қонғаннан кейін де бірнеше сағат бойы борттан шығарылған жоқ.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.