Әлемдегі ең үлкен кітап жұртшылық назарына ұсынылмақшы

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Кленктің атласы деп аталатын әлемдегі ең үлкен кітап карталарға арналған Британ кітапханасындағы көрмеде жұртшылыққа ұсынылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Биіктігі 1,75 метр және ені 1,9 метр болатын атласты голландиялық саудагер Йоханнес Кленк (Yohannes Klencke) монархияның реставрациялануына орай 1660 жылы Англияның королі Карл II-ге сыйға тартқан болатын. Осылайша, саудагер Карлдің шарапатына бөленуді көздеді. Кітапта 39 карта бар. Атласты көтеру үшін алты адам қажет. Көрмеге ол ашық күйінде қойылады.