АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ядролық соғыс қаупінің өршуі Семейде талқыға түседі. Бұл жайында Әзербайжанның Minval агенттігіне сұхбат берген еліміздің танымал қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов мәлім етті.
«Мамырдың соңында Семейде халықаралық конференция өтеді. Онда біз ядролық соғыс қауіпінің өршіп келе жатқандығын сөз етеміз. Әлемдік қоғамдастық бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауы тиіс деп санаймыз. Мамырдың соңында өтетін халықаралық конференция барысында біз осы мәселені көтеріміз», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.