деп хабарлайды Associated Press.
Дж.Д.Сэлинджер 1960 жылдан бері Корништегі үйінде ешкіммен араласпай, жеке өмір сүріп келді. Содан бері ештеңе жарияламастан, тек өзі үшін ғана жазып, журналистермен де араласпай келген жазушы әлемге 1951 жылы жарияланған "Над пропастью во ржи" деп аталатын жалғыз романымен танылды. Әрине, оның басқа әңгімелері, шығармалары болды, бірақ, дәл осы романы жазушыны әлемге танытты.