Бұл туралы «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Семинар-кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Экономикалық даму және сауда министрлігінің, әртүрлі облыстардан келген Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.
Кездесу мақсаты әлеуметтік-кәсіпкерлік копорациялардың алдағы қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін бірлесе отырып жасау.
Семинарға қатысушылар Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қауымдастығын құру мәселесін талқыға салды.