Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«ӘКК-лар жеке сектор орналаспаған немесе жеткіліксіз орналасқан кеңістікте тиімді жұмыс істеп, бизнестің дамуын ынталандыруы және оның өсуі үшін жағдайлар жасауға, яғни корпорацияларда бизнес-ұйымдастырушы рөлін атқару тиіс», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аумақтарды дамыту бағдарламасы ұлттық және халықаралық нарықтарда дұрыс жайғастыру үшін бәсекелестік артықшылықтарын, өңірдің өсу нүктелерін айқындайды. ӘКК инвестициялар мен күш-жігерді біріктіре отырып, бизнестің өсу нүктелерінде даму қарқынын береді.
«Сонымен қатар ӘКК-лар қызметіндегі маңызды қағидаты әлеуметтік жауапкершілік болып табылады», - деді министр.