Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлады. Сондай-ақ хабарламада көрсетілген сілтеме азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін атап өтіп, алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес берді.
– Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан қыркүйекке дейін 385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгенін хабарлаған болатынбыз.