Бұл жайында Үкіметтің Telegram парақшасынан белгілі болды.
Фуат Октаймен кездесу барысында Әлихан Смайылов Түркия Қазақстанның сенімді экономикалық әрі инвестициялық әріптесі екенін атап өтті.
2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, $4,1 млрд құрады.
Соңғы 15 жылда Түркия ел экономикасына $3,5 млрд инвестиция салды.
Видеоны ұсынған - Үкіметтің баспасөз қызметі.