Алматы мен Ақтөбеде, түнде Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасы, ауа ласанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Pixabay

«2024 жылғы 21 тамызда Алматы, Ақтөбе қалаларында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Қарағанды облысында экология заңнамасын бұзған компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынғаны хабарланды.