Метрополитен мәлімдемесіне сәйкес, метро турникеттеріне орнатылған банк карталарымен төлем жасауға арналған құрылғылар Jusan Bank-ке тиесілі.
— Азаматтардан түскен шағымдарға байланысты, «Метрополитен» КМК серіктес тарапқа ресми сұрау жолдады. «Жусан Банк» өкілдері жүйеде техникалық ақау болғанын растады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген метро жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросының жаңа бекеті 2026 жылы қаңтарда ашылатынын жазғанбыз.