«Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы Асхат Сәдуовтың айтуынша, негізгі міндеттердің бірі - қоғамдық көлікті тұрғындар үшін барынша қолайлы ету.
Осы мақсатта аудандар арасындағы бағытты дамыту, қала ішінде әр жолы орталық арқылы өтпей-ақ, көлік байланыстарын қалыптастыру көзделген.
- 2040 жылға қарай Бас жоспарда жеке автокөлікті пайдалану деңгейін шамамен 20%-ға төмендету қарастырылған, - деді Сәдуов.
Сонымен қатар қоғамдық көлік желілерінің жалпы ұзындығын 981 шақырымнан 2030 жылға қарай 1 040 шақырымға, ал 2040 жылға қарай 1 214 шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек жұмыс орындары мен күнделікті қажетті қызметтерді тұрғын аудандарға жақындату үшін бес полиорталықты дамыту көзделген. Бұл қала ішінде алыс қашықтыққа қатынау қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Халық санының болжамы нақтыланған сайын жолаушылар тасымалына деген қажеттілік те қайта есептеледі.
Көлік жүйесін дамыту нәтижелері жолға кететін уақыт, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы және аудандар арасындағы қатынау қолайлылығы бойынша бағаланады.
Еске салсақ, Астанадағы LRT-да бір тәуліктегі орташа жолаушы ағыны қандай екені айтылды.