Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингіде айтты.
«13-15 наурыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ үкіметтерінің, бизнес қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен В5 1 форумын өткізу жоспарлануда.
Аталмыш бастама үкіметтер мен бизнес В5 1 қоғамдастық арасындағы өзара белсенді іс-қимылды қамтамасыз етуге, Орталық Азия өңіріндегі маңызды экономикалық мәселелерді және оларды шешу жөніндегі нақты қадамдарды талқылауға арналған алаң.
Сонымен қатар, бұл іс-шара 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йорктегі мемлекет басшыларының саммитінде ұсынылған V 1 платформасының іске қосылуы болады», - деді Айбек Смадияров.