«Әлия мен Мәншүк атындағы скверді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба жаяу жүргіншілер жолын, демалыс аймағын, жарықтандыруды, шағын сәулет нысандарын орнатуды көздейді», - деді Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Сонымен қатар ол «Аққу», «Одуванчик» және «Қызғалдақ» сияқты үш субұрқақ қайта жаңартылатынын атап өтті.
Жұмыстар Республика күніне орай аяқталады.
Еске салайық, Қазақ – Британ техникалық университетіне қарама-қарсы орналасқан Әлия мен Мәншүк саябағын жаңдандыруды мойнына алған мердігер ұйым жұмысты аяқсыз қалдырып кеткен еді.
Әлия мен Мәншүк саябағындағы жөндеу жұмыстары былтыр аяқталуы тиіс болатын.