— Тұрғын үйде тіркелген азаматтар санын түбіртекте өзгерту қызметі — онлайн түрде қолжетімді. Сондай-ақ Alsеco жүйесінде түбіртекті пәтер иесінің атына рәсімдеу қызметін қашықтан орындауға болады. Коммуналдық кәсіпорындардың кеңселеріне барудың қажеті жоқ — ialma.kz порталына кірсеңіз жеткілікті, — деп хабарлады «Алматы су».
Мекеме мәліметінше, ialma.kz порталы Алматы қаласының тұрғындарына тұрғын-үй коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін оңайлатылған түрде алуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, алматылықтар коммуналдық төлем бойынша ұжымдық келісімшарттан бас тартып жатқанын жазғанбыз.