АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматылықтар мен қала қонақтары крокус гүлдерінің жанында суретке түсу үшін Есентай өзенінің жағалауына көптеп жиналуда.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың күз мезгілінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүлдер отырғызылған болатын. Биыл көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Крокустардың гүлденуімен Есентай өзенінің жағалауы түрлі түске боялды. Бұл гүлдер көктемнің хабаршылары, үміт пен қайта жаңғырудың символы. Қала тұрғындары мен қонақтары крокустарды тамашалауға келіп, ашық түсті гүлдердің фонында суретке түсіп, қуанышқа бөленуде", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.