- Операция барысында Алматы облысында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, бір азаматтың банк шоттарына және жеке деректеріне заңсыз қол жеткізген деген күдікке ілінді, - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің әрекетінен келтірілген материалдық залал бірнеше жүз мың еуроны құрайды.
Тінту кезінде оқиғаға қатысты техникалық деректерді сақтау құрылғылары және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Семей тұрғынын алдамақ болған алаяқтар бірден үш мемлекеттік орган атын жамылған.