Компанияның мәліметінше, ұшу барысында әуе кемесінде ықтимал техникалық ақау барын білдіретін индикатор іске қосылған. Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұшып шыққан әуежайға – Алматыға оралу туралы шешім қабылдаған.
– Авиатасымалдаушының инженерлік-техникалық қызметі өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қажетті тексерулерді орындады. Ақаулар анықталмағандықтан әуе кемесі қайта пайдалануға берілді, - делінген хабарламада.
Алайда Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына және Airbus NEO ұшақтарына қатысты пайдалану шектеулеріне байланысты рейсті FlyArystan әуе кемесімен орындаған. Осыған байланысты рейс тағы да кідірді.
Ұшақ Алматыдан 02:34-те қайта ұшып шықты. Жалпы кешігу уақыты – 12 сағат 24 минут.
– Тасымалдаушы рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынды. Сұраныс бойынша 36 жолаушы қонақ үйге орналастырылды, - деп хабарлады компания.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana Алматыдан ұшып шығатын кешкі рейстерін тұман мен көріну қашықтығы 150 метрден кем болуына байланысты кешіктіріп жатқанын хабарлағанбыз.