Алматы әкімдігі мен қазақстандық құрылыс компанияларының өкілдері «Қайрат» ФК базасын аралады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мен қазақстандық құрылыс компанияларының өкілдері «Қайрат» ФК базасында болды, деп хабарланған клубтың ресми сайтында.

Клуб базасының ашылуы қазақстандық футболдағы ауқымды оқиға болған, тұсаукесері өткен соң да «Қайрат» ФК жаңа инфрақұрылымдық нысаны назардан тыс қалмай отыр. Кәсіби командалар базасына делегацияны Алматы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев бастап барды, оның құрамында қазақстандық құрылыс компанияларының басшылары мен жетекшілері болды.

Қонақтар клуб нысанымен, оның инфрақұрылымымен танысты.

Еске салайық, аталмыш базаның тұсаукесерінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек ғимаратқа жоғары баға беріп, мұндай нысандардың бой көтеруін көрнекті үлгі ретінде көрсеткен болатын.

Шағын экскурсиядан соң қонақтар клуб өкілдерімен жолдастық матч өткізді. Ойын жасанды алаңдардың бірінде өтіп, «Қайрат» ФК базасымен танысудың тамаша аяқталу рәсіміне айналды.