«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Байтерек Девелопмент» АҚ қаржысы арқылы 7,1 млрд. теңгеге мемлекеттік құнды қағаз шығару көзделген. Биыл 2,882 млрд. теңгеге, ал 2017 жылы 4,219 млрд. теңгеге шығарылады. Яғни, «Байтерек Девелопмент» АҚ облигацияларды 7,1 млрд. теңгеге сатып алайын деп отыр. Бұл қаржы жалпы аумағы 39,5 мың шаршы метрді құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Олардың ішінде 13 үй Саялы шағын ауданында, ал 4 үй Жас Қанат шағын ауданында салынады. Ондағы пәтерлер «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы таратылады», - деді қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.
Бұл жоспар 650 отбасын пәтермен қамтамасыз етуге және 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
М. Қиқымовтың айтуынша, ел үкіметі облигацияларды шығару бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдап қойған. Енді құрылысты дер кезінде бастау үшін, облигацияларды шығару жоспары қалалық Мәслихаттың шешімімен бектіліп, Қаржы министрлігіне келісілуге жеткізілуі тиіс.
«Мемлекеттік құнды қағаздар Қазақстан қор биржасына тегін жайғастырылады. Әрі қарай оларды 0,15 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 2 жылдық айналым мерзіміне «Байтерек Девелопмент» АҚ сатып алады», - деді М. Қиқымов.