Алматы әкімі Қазақстан халқы бірлігі күні мен Азиада-2011 ойындарын насихаттауға арналған веложарысқа қатысады

ЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Алматыда жексенбі күні Мамырдың 1-і - Қазақстан халқының бірлігі күніне және 2011 жылғы VII Азия ойындарын насихаттауға арналған веложарыс өтеді. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысады деп күтілуде.

Спорттық акцияға қатысушылар қаланың басты көшелерінің бірі - Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтеді. Мәреге жеткен веложарыс жеңімпаздарына ескерткіш жүлделер мен сыйлықтар тапсырылады.

Соңғы жылдары Алматыда веложарыс кеңінен таралған спорттық акциялардың біріне айналды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ол салауатты өмір салтын насихаттау үшін ғана емес, қаланың экологиялық проблемаларына жұртшылықтың назарын аударуды да көздейді.