Ол өзінің болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырмайтынын жеткізді. «Жаңа әкім Бауыржан Байбекке келсек, ол өте білікті менеджер екендігін растаймын. Онымен бірге жұмыс істеген 1 ай шамасында жаңа әкімнің қала тұрғындарының өмірін жақсартуға бар күшін салып жатқанын байқадым. Заман талабына жауап бере алатын мемлекеттік қызметкер. Мен оған сәттілік тілеймін», - деді ол ФБ-дағы парақшасында. Айта кету керек, ол бұл қызметте Айбар Олжаевты ауыстырған болатын.
18:00, 21 Қыркүйек 2015
Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінің баспасөз хатшысы Артур Нығметов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында мәлімдеді.