«Кастинг басталғалы бері 293 қыз бағын сынады. Олардың арасынан 22 бойжеткен іріктеліп алынған болатын. Осы уақыт аралығында бойжеткендер түрлі мәдени шараларға қатысып, өздерін жан-жақты таныстыруға тырысты. Нәтижесінде олардың 12-сі финалға өтті», - деді байқау директоры Совет Сейітов. Алматы аруын биыл шоумен Нұртас Адамбаев, дизайнер Аида Кауменова, былтырғы мисс Регина Вандышева, продюсер Баян Есентаева, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының прима-балеринасы Сәуле Рахметова хабарлады. Бүгінгі баспасөз жиыны барысында қыздар қазылар алқасын қандай өнерімен тәнті ететіндерін баяндап берді. Айта кету керек, байқаудың финалы 11 қыркүйекте Villa Dei Fiori мейрамханасында өтеді.
17:04, 04 Қыркүйек 2015
«Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңінде 12 сұлу озып шықты (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанада «Алматы аруы-2015» байқауының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Ең сұлу ару атауына қазылар алқасы 12 бойжеткенді лайықты деп тапты.