«46 жастағы жүргізуші жүргізген қалааралық «Мерседес-303» жолаушылар автобусында ақаулық туындаған. Оның артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан кезде жүргізуші автобус астында қысылып қалған. Ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнына Қарағанды облысы Приозерск қаласының 1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен Мойынқұм АІІБ жедел-тергеу тобы шықты. Жүргізушінің мәйіті Жамбыл облысы Шу қаласының мәйітханасына жіберілді. Жетісай-Астана бағытымен жүрген автобус оңтүстікқазақстандық «Бейбарыс Транс Сервис» ЖШС-іне тиесілі болып шықты. Автобус салонында 55 жолаушы болған. Олардың барлығы бара жатқан жерлеріне жол-жөнекей көліктермен жіберілді, деді облыстық ТЖД-інде.