«Азаматтарды әлеуметтік желіден алынған жалған мәліметтерге емес, ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамыз. Әуежайлар мен билет сататын кассалалар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дүрбелең байқалмайды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының әуежайларындағы қазіргі жағдай туралы өзекті видео ұсынамыз. Еліміздің әуежайлары мен кассаларындағы жедел ахуал әуе айлақтары басшыларының, әуе компаниялары мен құзіретті мемлекеттік органдар өкілдерінің бақылауында», - деп атап өткен ведомство арнайы түсірілген видеоматериалды ұсынады.
Министрлік мәліметінше, жолаушылар қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы әуежайлардың өкілдіктерінен ала алады: Нұр-Сұлтан қаласы 77172777723, 77012140388, Алматы қаласы 77773701266.