Бомба салынғаны туралы телефон қоңырауынан соң Алматы қаласы және облыстың барлық шұғыл қызметтері аяғынан тік тұрғызылды. Әуежай және оған іргелес аумақты тексеру барысында саперлер жарылғыш құрылғыны тапқан жоқ.
1-басқарманың экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекет ету саласында заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры Марат Әбуев хабарлағандай, аталған факт бойынша сұрақ-жауап алынған кәмелетке толмаған қылмыскер ұялы телефонмен ойнап отырып, «102» нөмірін теріп, әуежайға бомба салынған деп хабарлаған.
Еңбекшіқазақ АІІБ ішкі істер қызметкерлері қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды, ұл баланы оның жастығы құтқарып қалды. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткен жоқ.
Алайда, кішкентай қылмыскер мемлекеттік органдарға 75 мың теңге көлемінде залал келтірді. Айыпты оның ата-анасы төледі.
Ағымдағы жылы облыста лаңкестік акті туралы көрінеу жалған хабарлаудың 2 фактісі тіркелді. Олардың бірін дәл сол Еңбекшіқазақ ауданы орта мектептерінің бірінің оқушылары жасағаны алаңдатады.