Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған.
Көліктік полиция департаментіні мән-жайды анықтап жатыр.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады ведомствадан.
Айта кетейік, осы жылдың мамырында Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысқан.
Тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі.