Алматы әуежайының желілік ішкі істер бөлімі хабарлағандай, 25 жастағы Алматы және 31 жастағы Алматы облысының тұрғыны кіреберістегі таксистердің әрекетіне шағымданған.
Олардың айтуынша, жеке тасымалдаушылар ғимараттың алдында алдарын кес-кестеп жүруге жол бермеген.
Полиция қызметкерлері 1977, 1980, 1982, 1993 жылдары туылған 4 азаматты ұстады.
Олар ҚР ӘқК 449-бабының 1-бөлімі, 449-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жазаға тартылды.
ҚР Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері осындай әрекеті үшін 151 таксист жазаға тартылған, олардан 1 млн 601 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
17:32, 20 Сәуір 2016
Алматы әуежайында жолаушылардың мазасын алған таксистер әкімшілік жазаға тартылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында жолаушылардың мазасын алған таксистер ұсталды.