Алматы қаласы өңірлік КҚ алаңында сөз сөйлеген Тимур Дүйсенғалиев қалаларды 2020 жылға дейін дамыту жоспарына сәйкес Алматы күллі Орталық Азиядағы ірі халықаралық туристік орталық болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл үшін Алматыда үлкен әлеует бар.
Туризм басқармасы басшысының айтуынша, қаланың дамыған инфрақұрылымы бар. Алматыда көрме орталықтары, театр, мұражай, мейрамханалар көп. Қалада 137 қонақүй бар. Бұдан басқа туристердің негізгі бағыттары «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Медеу» таулы сырғанақ, Үлкен Алматы көлі, Шарын құзы, Көлсай көлі, «Алтын Емел» ұлттық саябағы, Тамғалы Тас петроглифі, Таңбалы Түрген шатқалы, Ыстықкөл, Қайыңды көлі және т.б. сияқты нысандар болып табылады. Туризм басқармасының деректеріне сәйкес биыл Алматыға 761 мың адам барған, оның 300 мыңға жуығы резидент еместер, 400 мыңы резиденттер.
Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, есеп нақты емес, себебі кей қонақтар қонақүйге тоқтамайды. Достарында, туыстарына тоқтайтын немесе пәтер жалдайтын қазақстандықтар мен шетелдіктер есепте жоқ. Сондықтан туризм басқармасы қазір статистикалық есепті жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Факті бойынша Алматыға 1,5 млн адам қатынаған, деп атап өтеді спикер.
Қалалық билік ішкі туризмді дамытуға ниетті. Қазір сол үшін жұмыстар жүргізілуде. Тимур Дүйенғалиев атап өткендей, бірінші кезекте - Үндістан, Қытай, Иран, Ресей бағыттары дамиды. Қазір осы елдер нарығында Алматы туралы туристік ақпарат беру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
«Бұл стратегия бірнеше елеулі бағыттарды қамтиды, бұл көрме ұйымдастыру, телеарналарда тікелей жарнама көрсету, ақпарат турлары, жаңа тренд - әлеуметтік желілер. Біз әр елдерден халықаралық блогерлерді тартуға ниеттіміз. Себебі бүгінде үрдіс әлеуметтік желілерде жарнамалардың дамуымен айқындалады, - деді ол.
Тимур Дүйсенғалиев оқиғалы туризмнің дамуы жайында сөз қозғады. Жыл соңына дейін туризм басқармасы 25KZFEST аталатын шараны өткізуді жоспарлайды. Оған қаланың 25 жылдағы барлық жетістіктері ұсынылады. Мұндай шараларды жүргізуге, туризмді дамытуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.
Егер өткен жылы туризмді дамытуға 700 млн теңгеден астам бөлінсе, келесі жылы ол 30-40 пайызға көп болмақ. Әзірге бюджет қалыптасу сатысында, «Бізде этникалық біртекті нысандар жоқ. Әлемнің барлық елдерінде тарихи ауылдар құрылуда.
Алматының 1000 жылдығы бойынша біздің міндетіміз монетада ғана емес, ғалымдардың сипаттамасында көрсету, Қола дәуірі, Сақ кезеңінің үйлерін жаңғырту, балаларға тарих сабағын өткізу. Осындай жобалар жоспарланды. Қазір бизнес-жоспарлар, инвестиция көлемі пысықталуда.
Оларды өткізу үшін бізде бірнеше орын бар - Наурызбай ауданында қалалық саябақ, Алатау ауданында Боралдай сақ қорғандарын құру жоспарлануда. Бұл тарихи нысан, онда шынайы тарихты көрсетуден бөлек, нысандар құруға болады. Туристер балшықтан бірдеңе жасап үйренгені үшін сертификат алады. Яғни, барлығы осы бағытта жүргізіледі. Жансыз экспонаттар ешкімді қызықтырмайды.
Бұл нысандар дами түседі. Бұл үшін қала басшылығы қомақты ресурс бөледі деп ойлаймын, - деп санайды ол.
Т. Дүйсенғалиев атап өткендей, 25KZFEST сияқты оқиғалы шараларды өткізу Ұлт жоспарының 86-шы қадамында көрсетілген. Онда «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы» кластерін құрумен туристік саланы дамытудың тұжырымдамасын іске асыру көзделген. Бұл қадамды іске асыру аясында Алматының біртектілігін көрсететін жобаларды дамыту қажет, деп санайды туризм басқармасының басшысы.