Алматы облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлағандай, қалааралық автобус Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған. Оның ішінде 46 жолаушы болған.
Жүргізуші жолда қалғып кеткен. Автобус сағатына 40 шақырым жылдамдықпен келе жатқандықтан ғана адам шығыны болған жоқ, дейді ІІД жол полициясы басқармасындағылар.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен негізінен алдыңғы қатарларда отырған жолаушылар зардап шеккен. 10 адам ауруханаға жеткізілді, соның ішінде үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Зардап шеккендердің арасында балалар болған жоқ.