«27 мамыр күні сағат 23:00 дер шамасында « Toyota Land Cruser-100» көлігінің жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 137 шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, «Mersedes Benz-817» көлігіне соғылды. Салдарынан екі көлік те өртеніп кетті. «Toyota Land Cruser-100» көлігінің 1953 жылғы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал Mersedes Benz-тің 1988 жылғы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазір олар Қордайдағы аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелген.