Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнында көлік рөлін басқарған 47 жастағы әйел мен оның 3 жолаушысы көз жұмды. Үш ер адам Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі сол жерде ажал құшты. Қалған екеуі ақ халаттылардың бақылауында.
Жол көлік апаты бойынша ҚР ҚК 296 бабы 3 тармағына сай қылмыстық істің өндірісі қозғалып тергеу амалдары басталды.