Департаменттің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері 24 қазанда «Алматы - Үрімші» бағытындағы әуерейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында, 1976 жылы туылған ҚР азаматын ұстаған. Күдіктіні тексеру барысында кеден органында декларациядан өтпеген жалпы құны - 26 450 АҚШ долларын құраған шетел валютасы табылды, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған фактіге қатысты Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тергеуге дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде.