Алматы қаласы Демалыс орталықтарының арасында үстел теннисінен сайыс өтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Азиадаға 1 жыл қалды!» атты ұранымен қаладағы Демалыс орталықтарының арасында үстел теннисі жарысының салтанатты ашылуы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2011 жылы Алматы қаласы мен еліміздің астанасы Астана қаласы Қысқы Азия ойындарының кезекті қонақтарын, сондай-ақ көптеген туристер легін қарсы алады.

Қазіргі уақытта қалаларда аталмыш ойынды өткізуге байланысты орасан дайындық жұмыстары жүргізіліп, спорттық кешендер мен қонақ үйлер салынып жатыр және де идеологиялық жұмыстарға да көп мән берілуде. Осыған орай «Азиада-2011» VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры бүгінгі сайысты ұйымдастырып отыр.