Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің бір қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, жұма күні Алматы қаласында жағымсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.