Қаулы бойынша қаланың аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, қалалық кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар:
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №16 қаулысын іске асыруды жалғастыру,
әрбір 6 ай сайын КВИ-ға қарсы вакцинация, ревакцинация қажеттілігі туралы халыққа белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,
КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,
Үй-жайларды желдете отырып, вентиляция мен ауаны баптау жүйелерін тексеруді қамтамасыз етулері тиіс.
Сондай-ақ, халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсынулары тиіс.
Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-мен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеуге және амбулаториялық бақылауға ауыстыруды,
7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қаулы 7 шілде, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Еске салайық, бүгін Алматы коронавирустың таралуы бойынша «С ары» аймаққа ауысты .