Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік бір-біріне соғылды

Фото: None
ҚАПШАҒАЙ. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолының 20 шақырымында жаппай көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 31 көлік бір-біріне соғылып, 5 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге тарауда.

Видео авторларының сөзінше, жаппай көлік апатының болуына жолдың тайғақтығы себеп. Сондықтан көлік жүргізушілеріне автокөліктің жылдамдығын асырмай, барынша абай болуды ескертуде.

Соңғы жаңалықтар