Бұл туралы кеше Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО) мәлімдеді.
«Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12%-ҚҚС есептегенде) бірінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ. 15,43 теңге (бұған дейін 14,36 тг/кВт.с болып келген), екінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ. 20,90 теңге және үшінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ. 26,13 теңге болды» - делінген мәлімдемеде.
Ал тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф (12%-ҚҚС есептегенде), екі зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) - 1 кВт.сағ. 22,33 теңге, ал түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) - 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде белгіленді.
Сондай-ақ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС үш зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тарифті (7-00-ден 19-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ. 17,42 теңге, ең жоғары деңгейдегі тарифті (19-00-ден 23-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ. 36,48 теңге және түнгі тарифті (23-00-ден 07-00-ге дейін) - 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде бекітті.