деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, мейманханадағы барлық нөмірлер жеңіл жүрісті қыздардың сексуалдық қызмет көрсетулері үшін пайдаланылған. Мейманхананың 40 жасар иесі қыздарға сонда тұрып, интимді қызмет көрсетулері үшін мейманханадан арнайы бөлмелер
берген. Сонымен қатар мейманхананың дәліздерінде қыздардың және олар қызмет көрсететін азаматтардың жүріс-тұрысын бақылау мақсатында арнайы бейнеқұрылғылар қойылған. «Аталмыш кешенді тексеру барысында полицейлер интимді қызмет көрсетумен айналысып жүрген 28 қызды қолға түсірген. Олардың 18-і Қырғызстаннан, 2-уі Өзбекстаннан келген. Ал 8 қыз қазақстандық болып шықты», деді департамент бастығы.