Алматы облысы әкімінің есебі онлайн режимінде өткізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында тұңғыш рет облыс әкімі Серік Үмбетовтың есебі онлайн режимінде өткізілді, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Талдықорғанда өткізілген есептік жиынға виртуалды түрде Ескелді, Қарасай, Панфилов және Сарқант аудандарының тұрғындары қатысты. Аймақ басшысының баяндамасынан кейін тұрғындар облыс әкіміне өз сұрақтарын қойып, шынайы режимде жауаптар алды.

Нақтырақ айтар болсақ, Ескелді ауданының тұрғындары облыс әкіміне Қарабұлақ ауылында жаңа қазандық салып беруін, ал Панфилов ауданының тұрғындары жаңа мектеп пен балалар бақшасының құрылысы қажеттігі туындап отырғанын жеткізді. Ал Қарасай және Сарқант ауданының тұрғындары ауылдық жолдардың құлазып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Барлығы есеп беру кезінде облыс әкімі залдан қойылған жиырма сұраққа жауап берді.