«Биыл Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаныма 5 жыл толды. Әрине, бұл - аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтадым. Көптеген жұмыстар атқарылды. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар және жаңа көзқарас қажет. Сондықтан басшылықтан мені өз еркіммен жұмыстан босатуды сұрадым», - деп жазды Серік Турдалиев Фейсбуктегі парашасына.
Сондай-ақ ол Алматы облысының даму әлеуетінің жоғары екеніне сенім білдірген.
Алайда Тұрдалиевтың көмекшісі де, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер де аталған жайтқа байланысты әзірше ресми мәлімет берген жоқ.