Алматы облысы Білім басқармасындағы бөлім басшыларының бірі пара алды деген күдікке ілінді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ҚР ҚК 366-бабы (пара алу) бойынша облыстық білім басқармасы бөлімдерінің бірінің басшысын ұстады.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, шенеунік 2015 жылдың сәуір айының басында Талдықорған қаласы тұрғынына оның баласын ҚР Қорғаныс министрлігі «Арыстан» әскери училищесіне орналастыруға уәде етіп, 5000 АҚШ долларын сұраған. Алайда ол сөзінде тұрмайды. Алданған адам Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз жазған», делінген хабарламада.

Іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.