Алматы облысы Қаскелең қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтуде

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы облысы Қаскелең қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтуде

Жарысқа ауданның 45 мектебінен 180 оқушысы қатысуда. Сайысқа қатысушы қыздар мен ер балалар арасындағы ең үздігін анықтау екі тур арқылы өтеді. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілмек.

Шахмат турнирін ҚР шахмат федерациясы мен Қарасай ауданының бірлескен қоры ұйымдастырып отыр. Әділқазылар құрамында халықаралық арбитр Болат Асанов, ҚР шахмат федерациясының президенті Еламан Рахат, халықаралық спорт шебері Сергей Ким бар.

Жарыс қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.